Соттың мәліметінше, бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс жабық режимде қаралған, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың қазан айында танысымен болған жанжал барысында қаза тапқан.
Айта кетейік, ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін басқарған және Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген.