Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстан сөз бостандығы жөніндегі әлемдік рейтингіде 149-орында

Қазақстан сөз бостандығы жөніндегі әлемдік рейтингіде 149-орында
Сурет: Рixabay

«Шекарасыз репортерлар» (RSF) халықаралық ұйымы баспасөз бостандығының жыл сайынғы рейтингін жариялады. Оған сәйкес Қазақстан мүмкін болған 100 баллдың 34,41-ін жинап, 149-орынға ие болды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«2026 жылғы индекс. 180-нің ішінде 149-орын. Бағасы: 34,41», - делінген RSF рейтингінде.

Осылайша, Қазақстан 141-орында болған 2025 жылмен салыстырғанда сегіз сатыға төмендеді.

«Желідегі жаңалықтардың сапасы жақсарғанымен, баспасөзге жасалатын қысым заманауи сипат алуда: тәуелсіз медиа өз ойын еркін айта алатын жалғыз кеңістік - интернетке бақылау күшейіп келеді», - деп көрсетілген есепте.

Көршілес елдердің ішінде Қырғызстан 146-шы, Өзбекстан 147-ші және Тәжікстан 155-ші орындарға жайғасты.

Украина 66,1 балл жинап, 55-орынды иеленді.

Посткеңестік елдердің арасында ең нашар нәтижені Түрікменстан көрсетті - 173-орын (23,06 балл). Одан сәл жоғарырақ Ресей орналасты - 23,15 баллмен 172-орын. Олардың алдында Беларусь (165) пен Әзірбайжан (171) тұр.

Түрікменстаннан төменгі сатыларға Вьетнам, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Иран, Қытай, Солтүстік Корея және Эритрея жайғасқан.

Баспасөз бостандығы ең жоғары елдердің үштігіне Норвегия, Нидерланды және Эстония кірді.