Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Байқоңырда «Бәйтерек» кешенінен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны алғаш рет ұшырылды

Байқоңырда «Бәйтерек» кешенінен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны алғаш рет ұшырылды
Сурет: видеодан скрин

Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағында жаңа «Союз-5/Сұңқар» зымыран тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы өтті. Ұшыру жұмыстары «Бәйтерек» ғарыш кешені жобасы аясында №45 алаңнан жүзеге асырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, сынақ сәтті өткен. Бірінші және екінші сатылар іркіліссіз жұмыс істеп, пайдалы жүктеме макеті белгіленген траекторияға шығарылды. Бұл кешеннің толыққанды жұмысқа дайын екенін білдіреді.

«Бәйтерек» жобасын Қазақстан Ресеймен бірлесіп іске асыруда.

Билік бұл ұшырылымды маңызды қадам деп санайды. Енді Қазақстанның өз иелігінде заманауи ұшыру инфрақұрылымы бар. Бұл ғарыш қызметтері нарығында белсенді жұмыс істеуге және жерсеріктерді көбірек ұшыруға мүмкіндік береді.