Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Ауыл тұрғыны темекі тұқылын тастағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Ауыл тұрғыны темекі тұқылын тастағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды
depositphotos.com

Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды, деп Arasha.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Маңғыстау аудандық сотында қаралып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша бағаланған. Бұл бапқа сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, соның ішінде көшелер мен саябақтарды ластағаны үшін айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза қарастырылған.

Сот мәліметінше, 26 сәуір күні ер адам орталық көшеде орналасқан полиция ғимаратының маңына темекі тұқылын тастаған. Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.