Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Инфляция 10,6%-ды құрады

Инфляция 10,6%-ды құрады
Сурет: Рixabay

2026 жылдың сәуір айында жылдық инфляция деңгейі 10,6% болды (наурызда – 11%). Айлық көрсеткіш 0,8%-ды құрады, ал алдыңғы айда ол 0,6% болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 11,3%-ға өсті (2026 жылғы наурызда – 11,7%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7%-ға қымбаттады (наурызда – 11,3%), ал ақылы қызметтердің бағасы 8,9%-ға артты (наурызда – 10%), деп жазды "Чёрный лебедь, рак и щука" телеграм арнасы.

Ең қатты қымбаттаған тауарлар да анық байқалады. Мәселен, ет пен құс еті бір жылда 18,4%-ға өскен. Шұжық және ет өнімдері 17%-ға қымбаттаған. Сүт өнімдері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр: қышқыл сүт өнімдері 14,8%, ірімшік пен сүзбе 13%-ға артқан. Жұмыртқа бағасы 12,7%-ға көтерілген. Ал жанармай да шет қалмаған - бензин бағасы 16,1%-ға өскен.