Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Мүгедектікті заңсыз рәсімдеудің 167 дерегі анықталды

Мүгедектікті заңсыз рәсімдеудің 167 дерегі анықталды
Сурет: Рixabay

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті белгілеу процесіне жүргізілген тексерулер нәтижесінде қолдан жасау белгілері бар 167 фактіні анықтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство дерегінше, медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған құжаттар ақпараттық жүйелер арқылы проактивті түрде тексерілген. Нәтижесінде бірдей мазмұндағы медициналық қорытындыларды әртүрлі пациенттерге «көшіріп» қолдану, зерттеу нәтижелері мен диагноздардың толық сәйкес келуі сияқты жүйелік бұзушылықтар анықталған.

Қазіргі уақытта күмәнді жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтатылды. Заңбұзушылық расталған жағдайда мүгедектік тағайындау туралы шешімдер қайта қаралады.

Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Министрлік заңсыз рәсімдеу фактілерін анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.