Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Бауыржан Байбектің тау-кен саласындағы отбасылық бизнесі табылды

Бауыржан Байбектің тау-кен саласындағы отбасылық бизнесі табылды
Сурет: видеодан скрин

Байбек отбасылық бизнестен табылды: Алматының экс-әкімі «Qazaq Kaolin» компаниясын басқарып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің «Qazaq Kaolin» тау-кен компаниясының директорлар кеңесіне төрағалық ететіні белгілі болды. Бұл кәсіпорынның ортақ иелерінің бірі  оның әкесі

ZTB телеграм арнасының мәліметінше, Байбектің аталған компаниямен байланысы баяғы басталған. Ол 2022 жылдың наурызынан бастап мұнда онлайн-кеңесші ретінде тіркелсе, Ақмола облысындағы тау-кен байыту комбинатының сәуір айының соңында өткен техникалық іске қосылуына дейін-ақ директорлар кеңесінің төрағасы болып үлгерген. Яғни, ол бұл жетекші лауазымды атқарып жүргеніне біраз уақыт болған.

Соған қарамастан, Байбек көпшілік алдына шықпаған. Компания жаңалықтарында оның есімі аталмайды, суреттері де жоқ. «Qazaq Kaolin» кәсіпорны әлеуметтік желілерде белсенді емес, тек ресми сайты арқылы ғана жұмыс істейді. Оның компаниядағы рөлі туралы тек басшылықтың өмірбаяны бөлімінен ғана білуге болады.

«Qazaq Kaolin» иелерінің қатарында Бауыржан Байбектің 86 жастағы әкесі Қадырғали Байбек пен 26 жастағы Бекзат Керімбай бар.

Сондай-ақ, компания сайтындағы өмірбаянда Байбектің 2020–2022 жылдары шулы «Birgemiz» қорының жұмысына қатысқаны жазылған. Бұл қор пандемия кезінде 80 млн долларға жуық жеке қайырымдылық қаражатын жинаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, кейінірек аталған қордың басшысы Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сот процесі кезінде ол Байбектің есімін бірнеше рет атағанымен, экс-әкімге ресми түрде ешқандай айып тағылған жоқ.