Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шетелдік университеттерге жаңа талап: қазақ тілі мен тарихы міндеттелді

Шетелдік университеттерге жаңа талап: қазақ тілі мен тарихы міндеттелді
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Нартай Аралбайұлы

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары енді оқу бағдарламасына міндетті түрде "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін енгізуі қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгеріс Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен қабылданған маңызды нормалардың бірі саналады. Оның сөзінше, жаңа талап елдегі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға бағытталған.

"Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданды. Енді шетелдік ЖОО-ы "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" пәндерін оқытуға міндеттеледі. Бұл талап заң дейгейіне көтерілді. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында "Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді" деген норма бекітілді. Қазақстан Республикасының аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ң филиалдары мен шетелдік ЖОО-на осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады", – деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.