Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Көкшетауда әйелді көлік қағып өлтірді: екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда әйелді көлік қағып өлтірді: екі бірдей қылмыстық іс қозғалды
видеодан скриншот

Көкшетауда әйел адам қаза тапқан жол апатына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің әйелді қағып, кейін басып кеткені көрсетілген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік тізгінінде болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған.

"Көлік құралын басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы болмағаны және арнайы оқудан өтпегені анықталды", – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар көлік иесі саналатын оның жұбайына қатысты да жеке қылмыстық іс қозғалған. Ол көлік жүргізуге құқығы жоқ адамға рөлді бергені үшін жауапқа тартылмақ. Заң бойынша оған бас бостандығынан айыру жазасына дейінгі жаза қарастырылған.

Қазір іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағаны белгілі болды.