Қазақстанға террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт азамат жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік арнайы қызметтермен бірлесіп, іздеуде жүрген азаматтарды елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізгендерін мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері шетел мемлекеттерінен ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілген.
ҰҚК дерегіне сәйкес, аталған азаматтар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. Олар комитеттің бағыттауы бойынша ұсталған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны хабарланды.