Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

«Қазақмыс» нысандарындағы жанармай ұрлау схемасы әшкереленді

«Қазақмыс» нысандарындағы жанармай ұрлау схемасы әшкереленді
Суреті: ІІМ баспасөз қызметі

Ұлытау облысында өткен жылдан бері тергеу мәліметтері бойынша «Корпорация Казахмыс» ЖШС нысандарынан ұрлық жасаумен айналысқан бірнеше топ анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция “Корпорация Казахмыс” ЖШС аумағынан ұрлық жасауға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5%-ы өтелді», – делінген хабарламада.

Мәселен, ведомство мәліметінше, жергілікті қылмыстық құрылымдармен байланысы болған және құрамында бағалы металдар мөлшері жоғары кен қорытпаларын жүйелі түрде тасымалдауды ұйымдастырған топ мүшелері жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ биыл төрт ірі ұрлық фактісі ашылды. Ал 7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметінің қолдауымен компания нысандарындағы жанармай ұрлау схемасының жолы кесілді. Ұйымдастырушылар деп күдікке ілінгендер ұсталып, бір тоннадан астам жанар-жағармай материалы, қомақты көлемде ақша, көлік құралдары, сондай-ақ тергеу мәліметінше заңсыз әрекетте пайдаланылған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Тергеу барысында жанармай арнайы техниканы жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы ұрланғаны анықталды. Сонымен қатар күзет құрылымдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан көмек көрсету фактілері белгілі болды», – деп қосты ІІМ өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел шаралары жалғасып, қаржы-шаруашылық құжаттарына тексеру жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын аса ірі көлемде деп бағалануда.

Бөлісу