Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Мұхтар Шахановтың есімі Алматыдағы ірі көшеге берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың есімі Алматыдағы ірі көшеге берілуі мүмкін
kznews.kz коллажы

Алматыдағы негізгі көшелердің бірі – Розыбакиев көшесіне жуырда өмірден өткен ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл бастаманы белгілі заңгер Мейірман Шекеев көтеріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы өтініш жолдаған. Ол азаматтарды да осы ұсынысты қолдауға шақырды, деп Arasha.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңгер өз хатында қазіргі заңнамада белгілі тұлғаның есімін көше, мекеме немесе басқа нысанға беру үшін нақты талап бар екенін атап өткен. "Тіл туралы" заңға сәйкес, қайраткердің есімін нысанға беру үшін оның қайтыс болғанына кемінде бес жыл өтуі керек. Ал Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде дүниеден өткендіктен, бұл талап оның есімін бірден көшеге беруге мүмкіндік бермейді.

Соған қарамастан Мейірман Шекеев бұл мәселені ерекше жағдай ретінде қарастыруды сұрап отыр. Оның айтуынша, Қазақстан тәжірибесінде атау беру немесе көше атын өзгертуге қатысты мұндай айрықша шешімдер бұған дейін де болған. Заңгер бұған Астана қаласының атауын өзгерту мен Алматыдағы Фурманов көшесінің қайта аталуын мысал ретінде келтірген.

Шекеевтің пікірінше, Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы, мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғаудағы және ұлттық рухты көтерудегі еңбегі ерекше бағалауға лайық. Сондықтан ақынның есімін Алматыдағы маңызды көшелердің біріне беру – оның халық алдындағы еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет болмақ.