Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

"Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім": Алматыға келген ресейлік қыз шу шығарды (ВИДЕО)

"Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім": Алматыға келген ресейлік қыз шу шығарды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыға келген ресейлік қыздың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бойжеткен банктік карта рәсімдеу және ЖСН алу кезіндегі қиындықтарға эмоционалды түрде шағымданған. Threads желісінде жарияланған видеода ол жеке сәйкестендіру нөмірінсіз банк шотын және картаны жылдам аша алмағанына наразылық білдіреді. Оның айтуынша, бірнеше күн бойы ХҚКО мен банк арасында жүруге мәжбүр болған.

Видеода қыз жергілікті қызметтердің жұмысына қатысты дөрекі сөздер айтып, ашулы пікір білдірген. Әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын оның: "Мен өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезініп тұрмын" деген сөзі аударды.

Көптеген қазақстандықтар бұл сөзді мигранттарға және өзге ұлт өкілдеріне қатысты менсінбеушілік әрі құрметсіздік деп қабылдады. Пікір жазғандар шетел азаматтары үшін ЖСН рәсімдеу – Қазақстандағы қалыпты әрі міндетті процедура екенін атап өтті. Өйткені бұл нөмірсіз елде көптеген мемлекеттік және банктік қызметтерді алу мүмкін емес.

Кейбір желі қолданушылары қыздың бюрократиялық қиындықтарға эмоциямен жауап берген болуы мүмкін екенін жазды. Алайда көпшілік ашулану адамның қорлайтын сөз айтуына немесе мұндай салыстыру жасауына себеп бола алмайды деп санайды.

Пікірлер арасында ресейлік қызға банктік қызметтерді өз елінде рәсімдеуді ұсынғандар да болды. Сондай-ақ оның сөздерін заң талаптарына сай тексеру қажет деген пікірлер айтылды. Кейбір қолданушылар мемлекеттік органдардың бұл жағдайға назар аударуын сұрады.