Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Жұмыс істейтіндердің шамамен 40%-ы зейнетақы жарнасын аудармайды

Жұмыс істейтіндердің шамамен 40%-ы зейнетақы жарнасын аудармайды
Сурет: pexels

2026 жылдың I тоқсанында 15 жастағы және одан үлкен тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі 64,1%-ды, ал жұмыс күшіне шаққандағы көрсеткіш 95,5%-ды құрады. Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5% болды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Чёрный лебедь, рак и щука телеграм арнасы.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша іріктемелі зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам еңбек етуде. Оның ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмысшы (экономикадағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 77,6%-ы) болса, 2,1 млн адам — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (22,4%).

Міндетті зейнетақы жарналарын аударып жатқан жұмыспен қамтылған халықтың саны 5,559 млн адамды құрады. Қалған 3,8 млн адам БЖЗҚ-ға жарна аудармайды — бұл еңбек нарығындағы көлеңкелі сектор болып табылады.