Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

«Өзімді Ресейдегі өзбек секілді сезініп тұрмын»: Алматыда балағат сөз айтқан ресейлік әйел 10 тәулікке қамалды

«Өзімді Ресейдегі өзбек секілді сезініп тұрмын»: Алматыда балағат сөз айтқан ресейлік әйел 10 тәулікке қамалды
Сурет: видеодан скрин

Алматыда сот әлеуметтік желіде былапыт сөздер қолданылған видеоны жариялаған Ресей Федерациясының азаматын қамауға алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бойжеткен 10 тәулік темір тордың артында өткізеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл істің қозғалуына шетелдік қыздың желіге жүктеген видеоролигі себеп болған. Ол Алматыға банктік карта рәсімдеу үшін келген екен. Бойжеткеннің жергілікті бюрократияға шағымданып, оны былапыт сөздермен және өзбек мигранттарымен орынсыз салыстырулармен өрбіткен эмоционалды видеосы желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық орында дөрекі балағат сөздер айту фактісі расталғанын хабарлады. «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

Нәтижесінде, сот шешімімен Ресей азаматшасына он тәулік әкімшілік қамау жазасы кесілді.