Көкшетауда құтқарушылар Копа көлінде істен шыққан паромнан 25 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ТЖМ құтқарушылары істен шыққан паромнан 25 адамды эвакуациялады. Көкшетау қаласында Копа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар бортында жолаушылары бар, жағалаудан шамамен 700 метр қашықтықта тұрған ақаулы паромды анықтады», - делінген жексенбі күнгі хабарламада.
Эвакуацияланғандардың арасында 10 бала болған. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.