Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Германия бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті Қазақстанға беруден бас тартты

Германия бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті Қазақстанға беруден бас тартты
Сурет: видеодан скрин

Бас прокуратура Германияның бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартқанын ресми түрде растады. Ведомство мәліметінше, неміс тарапы бұл шешімінің себебін түсіндірмеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан тарапы Дүйсеновті қайтару туралы құжаттарды 2025 жылдың күзінде жолдаған, алайда бұл әрекет нәтижесіз аяқталды.

Бұған дейін Мақсат Дүйсенов Нюрнберг түрмесінде бірнеше ай қамауда болып, кейін босатылып шыққан.

Бас прокуратура Дүйсеновке іздеу жариялау жалғасып жатқанын және қылмыстық іс тоқтатылмағанын жеткізді.

Сарапшылар экстрадицияның сәтсіздікке ұшырауын бірнеше фактормен байланыстырады. Антикоррупциялық сарапшы Әсел Темірова неміс сотының бұл шешіміне Қазақстандағы сот әділдігіне және айыпталушының қауіпсіздігіне деген күдік әсер етуі мүмкін деп санайды. Сондай-ақ, сарапшы бұл жағдайдың еліміздің халықаралық серіктестер алдындағы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Ол өз кезегінде тергеу барысында сыбайлас жемқорлық немесе мүдделер қақтығысы болуы мүмкін деген болжамды да алға тартады.