Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ресейде қазақ әртісі 11 жасар баланы атып тастады

Ресейде қазақ әртісі 11 жасар баланы атып тастады
ашық дереккөзден

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Мариин театрының әртісі Айтжан Смағұлов 11 жастағы балаға оқ атты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Декабристер көшесіндегі тұрғын үй маңында болған. Көшеде саксофон ойнап тұрған баланың музыкасы 38 жастағы әртіске ұнамай қалғаны айтылады.

"База" дерегінше, ашуға булыққан ер адам терезеден пневматикалық тапаншамен оқ атқан. Оқ баланың бетіне тиіп, иегіне қадалған. Зардап шеккен жасөспірім орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Оқиғадан кейін күдікті ұсталды. Оның Қазақстан тумасы Айтжан Смағұлов екені белгілі болды. Ол Мариин театрының қосалқы труппасында өнер көрсеткен.

Қазір әртіске қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметке сүйенсек, Айтжан Смағұлов Мариин театрында 2021 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеген.