Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Блогер қайтыс болған клиникада бұған дейін де адам өлгені айтылды

Блогер қайтыс болған клиникада бұған дейін де адам өлгені айтылды
Сурет: ашық дереккөзден

Жақында пластикалық хирургия емханаларының бірінде танымал блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан қайтыс болды. Белгілі болғандай, бұл аталған медициналық орталықта бұған дейінде адам мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни 2020 жылы дәл осы жерде липосакция (май алдыру) отасынан кейін жас әйел көз жұмған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі сол тұста бұл емхананың басқа атаумен жұмыс істегенін растады.

Сол оқиғадан кейін емхана пластикалық ота жасау лицензиясынан айырылған еді. Алайда, кейінірек орталық қожайындары жаңа заңды тұлға тіркеп, қажетті құжаттарды қайта рәсімдеген де, атауын ғана өзгертіп, дәл сол мекенжай бойынша жұмысын жалғастыра берген. Егер емхана құжат жүзінде талаптарға сай келсе, қолданыстағы заңнама бұған тыйым салмайтын болып шықты.

Енді Сәуле Базарханның өлімінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі аталған медициналық орталықта қайтадан тексеріс бастады.