Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әнші Нұрлан Абдуллин 8 жастағы ұлымен соттасып жүр

Әнші Нұрлан Абдуллин 8 жастағы ұлымен соттасып жүр
Фото: Arasha.kz

Қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллин баласына алимент төлемей жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Марал Баққара есімді келіншек жазды. Оның сөзінше, қайырымдылық қорына 96 миллион теңге аямаған адам ұлына 25 мың теңге алимент төлемей отырған көрінеді. Жазба авторы әншіні баласына алимент төлеу мәселесіне байланысты сынға алып, бірнеше жылдық берешекті өтеуге шақырған.

«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы, ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызыңды өте! Сен онсыз да ұлыңды 30 миллион теңгеге қатысты жеке есепшоттар мәселесінде алдап кеттің. Сен мені емес, өз туған балаларыңды алдадың! Егер өз балаларыңды қамтамасыз ете алмасаң, бала сүймеу керек еді! Туған балаларыңа қарайласа алмайсың! Ұят емес пе? Саған медальдарды не үшін берді, “Парасат” орденін не үшін алдың? Туған балаларыңды тастап кеткенің үшін бе? Ұлыңның алдындағы қарызыңды жап. Саған ұят емес пе?» - деп жазды ол. 

Жазба авторы әншінің 62 жаста бола тұра 8 жастағы ұлымен соттасып жүргенін ұят санады.