Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтауда бала Каспий жағалауындағы батпаққа батты

Ақтауда бала Каспий жағалауындағы батпаққа батты
Фото: Видеодан кадр

Ақтаудағы 4А шағынауданы жағалауында бала қауіпті жағдайға тап болды. Ол Каспий теңізі маңындағы тұтқыр лайға батып қалып, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан баланың беліне дейін батпаққа кіріп кеткенін көруге болады. Алғаш болып көмекке әйел адам ұмтылғанымен, жалғыз өзі оны шығара алмаған. Кейін оған ер адам қосылып, екеуі бірігіп баланы қауіпсіз жерге алып шыққан.

Оқиға қала тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды. Көпшілік егер сол сәтте ересектер жанында болмағанда, жағдайдың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді деген пікір білдіруде.