Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жездесі қарызға ақша алған: Атыраудағы трагедияға қатысты тағы бір дерек шықты (ФОТО)

Жездесі қарызға ақша алған: Атыраудағы трагедияға қатысты тағы бір дерек шықты (ФОТО)
Tizgin.kz коллажы

Сәрсемәлиев ісі: журналист сотта назардан тыс қалған дерек туралы айтты

Журналист Жанат Молдашова Атырауда өтіп жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінен тағы бір дерек келтірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, қараша айында Сәрсемәлиевтен жездесі қарызға ақша сұраған. Журналист бұл жайт сот барысында толық зерттелмей қалғанын алға тартты.

"Жездесі қараша айында Сәрсемәлиевтен 150 мың теңге қарызға алған. Ол ақшаны SMS арқылы жазып сұраған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы бұл SMS дәлелін куәгерден сұрамады. Тұрақты жұмысы жоқ адамнан қалай ақша сұраған?" – деді Жанат Молдашова.

Сонымен қатар журналист сол кезеңде Ақбаян Мұқанғалиеваның банк картасы кімнің қолында болғанын нақты анықтау қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұл деректер істің кейбір тұстарын нақтылауға мүмкіндік беруі мүмкін.

Бұл мәлімет әлеуметтік желіде талқыланып, резонансты іске қатысты жаңа сұрақтардың туындауына себеп болды.