Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шетелдік отбасында өскен Жәнібек туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр

Шетелдік отбасында өскен Жәнібек туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр
Dalanews.kz коллажы

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасының тәрбиесінде өскен Жәнібек туған анасын іздеуін әлі тоқтатпағанын айтты, деп Arasha.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ізденіс өзі үшін өте маңызды әрі оңайға соқпайтын жол екенін жазды. Жәнібектің сөзінше, туған анасын табуға жанашыр азаматтар мен заңгерлер көмектесіп жүр.

Соңғы уақытта іздеуге үміт сыйлайтын бірнеше жаңа дерек шыққан. Алайда Жәнібек бұл жұмыстың қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмайтынын жеткізді. Дегенмен ол жақсы жаңалық болатынына сенімін жоғалтпай отыр.

"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және басқа да жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеу қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Мүмкін ұзаққа созылар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше дерек кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.

Оның жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік Жәнібекке қолдау білдіріп, туған анасын тезірек табуын тіледі.