Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шымкент – Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

Шымкент – Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр
shutterstock.com

Түркістан облысында күннің қатты ысуынан жол жабыны бүлініп, кей учаскелерде асфальт балқи бастаған. Осыған байланысты "Шымкент – Түркістан" тасжолы мен Солтүстік айналма жолында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

"ҚазАвтоЖол" мамандары жол жағдайына мониторинг жүргізіп, төрт учаскеде ақау барын анықтаған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпті аймақтарға уақытша жол белгілері қойылды.

Қазір арнайы бригадалар бүлінген плиталарды қалпына келтіріп, жол жабынындағы қысымды азайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жауапты мамандар жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға кеңес берді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетовтің айтуынша, өңірде шамамен 15 күннен бері аптап ыстық сақталып тұр.

"Түркістан облысында ауа температурасы 35-42 градусқа дейін көтеріліп жатыр. Қазіргі таңда осындай төрт жерді анықтадық. Олар қалпына келтіріліп жатыр, жұмыстар жалғасады. Алдағы бір ай бойы ауа райын бақылап, талдау жүргіземіз. Метеорологиялық мәліметтерге сәйкес, бір ай көлемінде қатты ыстық сақталуы мүмкін. Осы кезеңде тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істейміз", – деді ол.

Бөлісу