Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев мемлекеттік көмек тек шын мұқтаж азаматтарға берілуі керек екенін айтты

Тоқаев мемлекеттік көмек тек шын мұқтаж азаматтарға берілуі керек екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік көмек көрсету жүйесін қайта қарау мәселесіне тоқталды. Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдау тек оған шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік қолдау саласында шешімін күткен мәселелер аз емес. Қазір Үкімет бұл бағытта бірқатар ұсыныс әзірлеп жатыр. Алайда қоғамда жоспарланған өзгерістерге қатысты түрлі пікір айтылып, азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық көтеруде.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілетін өзгерістерді асығыс қабылдауға болмайтынын ескертті. Оның сөзінше, кез келген реформа халықтың жағдайын ескере отырып, жан-жақты зерттеу мен сараптамадан кейін ғана жүзеге асырылуы қажет.

Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізбес бұрын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. Әсіресе осы салада қолданылатын ақпараттық жүйелердің жұмысына ерекше назар аудару керектігін айтты.

Президент жаңа жобаларды алдымен жекелеген өңірлерде немесе шектеулі ауқымда сынақтан өткізіп, нәтижесі оң болған жағдайда ғана бүкіл елге енгізуді ұсынды.