Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Келесі жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланды

Келесі жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, келесі жылы еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Құрылыс жұмыстары облыс орталықтарымен ғана шектелмей, аудан мен ауылдарды да қамтуға тиіс.

Президент жолдар, әуежайлар, теміржол вокзалдары мен медициналық мекемелер салуды және қолданыстағы нысандарды жаңғыртуды маңызды міндеттердің бірі ретінде атады.

Әсіресе ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашуға басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар еліміздің барлық аймағында шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар салу ұсынылды. Тұрғын үй құрылысы да мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан Қазақстан үшін инфрақұрылымды дамыту маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа технологиялар кеңінен енгізіліп жатқан кезеңде ел құрылыс қарқынын арттыруы қажет.