Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жоюды тапсырды

Тоқаев Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын жоюды тапсырды
Фото: freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі электр энергиясы өндірісінің көлемі экономиканың болашақ қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстан жылына 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Алайда өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларының дамуын ескерсек, бұл көрсеткіш жеткіліксіз.

Президент ел экономикасын толық цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу және деректерді өңдеу орталықтарын салу электр энергиясына деген сұранысты одан әрі арттыратынын атап өтті.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұрақты түрде қажеттіліктен артық өндіруге қол жеткізу міндетін қойды.

Бұл мақсатқа жету үшін жаңа электр станцияларын салу, қолданыстағы нысандарды жаңғырту және электр жеткізу желілерін дамыту қажет.

Сонымен қатар Президент көмірден электр энергиясын өндірудің экологиялық тұрғыдан жетілдірілген технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беруге шақырды. Әсіресе күн электр станцияларының әлеуетін кеңінен пайдалану керектігін айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметке 2035 жылға дейінгі елдің бірыңғай ұзақмерзімді энергетикалық теңгерімін қайта қарап, жаңартуды тапсырды.