Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "ерекше қызмет" атқаратын болды

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "ерекше қызмет" атқаратын болды
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. Суретте: Бақтияр Артаев

Афины Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Қызылорда облыстық орталық музейінде ерекше форматтағы кездесуге қатысады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Танымал боксшы бұл жолы музей қонақтарына гид ретінде танылады. Ол келушілерге «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық көрме залындағы спорт бұрышын таныстырып, отандық спорт тарихы мен Қазақстан спортшыларының маңызды жетістіктері туралы әңгімелеп береді.

Шара барысында қатысушылар Олимпиада чемпионының өз аузынан спорттағы қызықты сәттерді, қиындықтар мен жеңіске жету жолындағы естеліктерді тыңдай алады. Сондай-ақ қонақтар ел намысын қорғаған спортшылар туралы тың деректермен танысады.

Кездесу 17 маусым күні сағат 15:00-де өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кіру тегін.

Айта кетейік, Бақтияр Артаев бүгінде Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға екі жыл бұрын тағайындалған.