AMANAT партиясы заңды рәсімдер толық аяқталмай жатып, атауын өзгерту жұмыстарына кіріскен. Астанадағы партияның орталық аппараты орналасқан ғимарат сыртындағы AMANAT жазуы алынып, орнына "ӘDILЕТ" деген жаңа тақтайша ілінген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ғимараттың жаңа атауы бейнеленген сурет әлеуметтік желілер мен телеграм-арналарда тарады.
Nege.kz мәліметінше, партияның өңірлердегі филиалдары да атауын өзгерту жұмыстарын бастап кеткен.
Еске салайық, 12 маусымда AMANAT партиясының съезі өтіп, онда партияның "Әділет" партиясына қосылатыны хабарланған еді.