Белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуровтың отбасы Қазақстанға қоныс аударды. Бұл туралы оның жұбайы Диана Сабурова Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Диана оқырмандарының Алматыға уақытша келген-келмегені туралы сұрақтарына жауап беріп, енді осы қалада тұрақты тұратынын айтты.
"Мұнда қонаққа келдің бе деп көп сұрап жатыр. Енді Алматыда тұрақты тұруға көшіп келдім", – деп жазды ол.
Айта кетейік, биыл ақпан айында Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Арада бір ай өтпей жатып, оның жұбайы Ресейдегі сусын мен темекі өнімдерін сататын бизнесін жапқан.
Осыдан кейін Сабуровтар отбасының Қазақстанға көшуі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылана бастады.