Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Павлодар облысында үш жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Павлодар облысында үш жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
shutterstock.com

Павлодар облысында үш жасар қызын өлтірген 26 жастағы ауыл тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қылмыстық істі тергеу барысында кішкентай қыздың ұзақ уақыт бойы азап көргені анықталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам баланы өзінің туған қызы емес деп күдіктеніп, оған жиі қатыгездік көрсеткен.

Мемлекеттік айыптаушы Елена Корневаның айтуынша, қыздың анасы екінші баласын босанғаннан кейін сотталушының оған деген көзқарасы өзгергенін айтқан.

"Тергеу барысында анасы екінші баласын босанғаннан кейін сотталушы қызын жеккөріп кеткенін айтты. Ол баланың өз қызы екеніне күмәнданып, үнемі ұратын болған", – деді мемлекеттік айыптаушы сот жарыссөзі кезінде.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде сотталушы көршісінің моншасында ішімдік ішкен. Кейін үйіне келіп, қызын ұрып, өзімен бірге моншаға алып кеткен. Сол жерде баланы еденге лақтырған. Ауыр жарақат алған қыз аудандық ауруханада көз жұмды.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындады. Ол қызына қол көтермегенін, баланы көбіне анасы ұратынын айтқан. Сонымен қатар ер адам қыздың өлімін абайсызда болған жағдай деп есептейтінін жеткізген.

Алайда сот оның кінәсі толық дәлелденді деген шешімге келді. Нәтижесінде ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге ол қайтыс болған қыздың анасына 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

ҚазАқпарат мәліметінше, сот үкімін естіген кезде сотталушы есінен танып қалған.