Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Семейде екі бала бір тәуліктен бері табылмай жатыр

Семейде екі бала бір тәуліктен бері табылмай жатыр
Абай облысы ПД

Семейде жоғалып кеткен екі жасөспірім іздестіріліп жатыр. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, олар – 14 жастағы Рахымжан Үкіртаев пен 8 жастағы Әлихан Қайратов, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның хабарлауынша, балалар 17 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный елдімекені маңында болған. Осыдан кейін олардың қай бағытқа кеткені белгісіз.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін жерлері тексерілуде.

Абай облысының Полиция департаменті тұрғындардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрады.

"Егер балалардың қайда жүргені туралы білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін қандай да бір ақпарат болса, 102 телефонына немесе 8 (747) 310-67-30 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", – деп мәлімдеді полиция.