Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Дариға жүрек" кімге арналған: Сазгер ел арасындағы әңгіменің нүктесін қойды

"Дариға жүрек" кімге арналған: Сазгер ел арасындағы әңгіменің нүктесін қойды
Dalanews.kz коллажы

Қазақ эстрадасындағы кеңінен танылған "Дариға жүрек" әнінің шығу тарихы қайтадан көпшілік арасында талқыланып жатыр. Әннің Дариға Назарбаеваға арналғаны туралы әңгіме ел ішінде ұзақ жылдан бері айтылып келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сазгер Бауыржан Есбаев жуырдағы сұхбатында осы сауалға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, "Дариға жүрек" әні 2004 жылы Дариға Назарбаеваның туған күніне орай жазылған.

Кейін бұл туындыны әнші Медеу Арынбаев орындап, ән тыңдарман арасында кеңінен танылды. Уақыт өте келе "Дариға жүрек" қазақ эстрадасындағы ең белгілі әндердің біріне айналды.