Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан беделді WTA 500 турнирінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Рыбакина 1/8 финал кезеңінде әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Александра Эаламен кездесті. Филиппиндік теннисші қазақстандық спортшыдан екі сетте басым түсті. Қорытынды есеп — 7:5, 6:4.
Осылайша, әлемнің екінші ракеткасы жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Турнирде жоғары нәтижеге үмітті болған Рыбакина алғашқы ойынында-ақ қарсыласына есе жіберді.
Александра Эала болса ширек финалға өтіп, жарысты жалғастырады.