Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Дубайдан Алматыға алғашқы жүк рейсі келді: Қазақстан экспортына жаңа жол ашылды

Дубайдан Алматыға алғашқы жүк рейсі келді: Қазақстан экспортына жаңа жол ашылды

Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді. Бұл - Emirates SkyCargo-ның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа апталық маршрут аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдауға мүмкіндік беріп, қазақстандық экспорттаушылар мен халықаралық сауда үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең ірі логистикалық хабтардың бірі саналатын Дубаймен көлік-логистика байланысын жаңа деңгейге шығарады.

БАӘ-ге жұмыс сапары барысында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездестім. Авиация, жүк тасымалы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық.

Әріптестерімізге сенім мен серіктестік үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен БАӘ арасындағы көлік-логистика байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.

Бөлісу