Қырғызстаннан Қазақстанға ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Күдікті 2007–2008 жылдары Алматыдағы банктердің бірінен жалпы сомасы 183 миллион теңгеден астам қайтарымсыз несие рәсімдеген.
Тергеу мәліметінше, ол алынған қаражатты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында бөліп, бір бөлігін жеке басының қажетіне жұмсаған.
Қылмыс жасалғаннан кейін топтың бірқатар мүшесі сотталған. Ал топ жетекшісі ұзақ уақыт бойы бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Биыл ақпанда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Өзіне тағылған айып дәлелденсе, оған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.