Бүгін, 23 маусымда футболдан әлем чемпионатының K тобында Португалия мен Өзбекстан құрамалары екінші тур аясында өзара кездеседі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Матч АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы "NRG Stadium" стадионында өтеді. Кездесуге марокколық төреші Джалал Джайед қазылық етеді. Ойын Мәскеу уақытымен сағат 20:00-де басталады деп жоспарланған.
Бұл кездесу екі команда үшін де маңызды. Португалия алғашқы турда Конго Демократиялық Республикасымен 1:1 есебімен тең ойнаса, Өзбекстан құрамасы Колумбиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Сондықтан қос құрама да бұл ойында ұпай алып, турнирлік жағдайын жақсартуға тырысады.
Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия Колумбиямен кездеседі. Ал Өзбекстан Конго Демократиялық Республикасы құрамасына қарсы ойнайды.