Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Дастан Сәтпаев "Челсиге" ауысар алдында қуанышты хабарды естіді

Дастан Сәтпаев "Челсиге" ауысар алдында қуанышты хабарды естіді
ҚФФ

Transfermarkt порталы футболшылардың трансферлік құнын жаңартты. Жаңа рейтингте қазақстандық жас ойыншылардың бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Ал кейбір легионерлердің нарықтағы құны төмендеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың трансферлік бағасы 500 мың еуроға өсіп, 3,5 млн еуроға жетті. Осылайша ол Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев жақында "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын өткізіп, енді лондондық "Челси" клубына ауысуға дайындалып жатыр.

Transfermarkt жаңартуында ең үлкен өсім көрсеткен футболшылардың бірі – "Астананың" жартылай қорғаушысы Мақсат Әбіраев. Оның нарықтық құны бірден 800 мың еуроға артып, алғаш рет 1 млн еуроға жетті.

Сондай-ақ "Астана" ойыншысы Иван Башичтің бағасы 300 мың еуроға өсіп, 1,5 млн еуро болды. Ал қорғаушы Әлібек Қасымның трансферлік құны 850 мың еуроға дейін көтерілді.

"Қайрат" сапындағы бірқатар футболшының да нарықтық құны артқан. Қақпашы Темірлан Анарбеков 800 мың еуроға бағаланды. Азамат Тұяқбаевтың құны 400 мың еуроға, Александр Мрынскийдің бағасы 600 мың еуроға жетті. Ойва Юккола 700 мың еуроға, ал Жоржиньо 1 млн еуроға бағаланып отыр.

Сонымен қатар кей ойыншылардың бағасы төмендеген. "Қайрат" жартылай қорғаушылары Дан Глейзер мен Дамир Қасаболаттың, сондай-ақ "Астана" қорғаушылары Кипрас Кажуколовас пен Карло Бартолецтің нарықтық көрсеткіштері азайған.

Жаңартылған рейтингтен кейін де "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат құрамға ие клуб мәртебесін сақтап қалды.