Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Сынып жетекшілердің жалақысы өсе ме?

Сынып жетекшілердің жалақысы өсе ме?
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептегі сынып жетекшілеріне қосымша үстемақы төлеу мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты, деп хабарлайды Arasha.kz, Tizgin.kz - ке сілтеме жасай отырып.

Бұл мәселе Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысқан брифинг барысында көтерілді. Бұған дейін сынып жетекшілерінің жалақысына қосымша үстемақы енгізілуі мүмкін екені бірнеше мәрте айтылған болатын. Алайда әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, негізгі мәселе қаржыландыруға байланысты. Яғни педагогтерге қосымша ақы төлеу туралы түпкілікті шешім Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тарапынан қабылданады.

Ведомство өкілдері бұған дейін мемлекеттік бюджетте мұндай өзгерістерді енгізуге мүмкіндік болмағанын атап өтті.

Сондықтан жаңа оқу жылында сынып жетекшілеріне қосымша үстемақы беріле ме, жоқ па - бұл әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар мәселені қарастыруды жалғастырып жатыр.