Қазақстан уақыты бойынша 27 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті ойындар өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл күні G, H және I топтарындағы құрамалар алаңға шығады. Кездесулер бір уақытта басталып, командалар плей-офф кезеңіне шығу жолындағы маңызды ұпайлар үшін таласады.
Негізгі назар Норвегия мен Франция арасындағы матчқа ауып отыр. Бұл ойында қос құрама топтағы көшбасшылықты анықтайды. Ал қалған командалар да келесі кезеңге өту мүмкіндігін сақтап қалу үшін барын салмақ.
27 маусымға арналған матчтар кестесі:
00:00 – Норвегия – Франция
I тобы, «Джиллетт» стадионы, Фоксборо, АҚШ
Трансляция: «Qazaqstan»
00:00 – Сенегал – Ирак
I тобы, «Бимо Филд» стадионы, Торонто, Канада
Трансляция: «Qazsport»
05:00 – Уругвай – Испания
H тобы, «Акрон» стадионы, Сапопан, Мексика
Трансляция: «Qazaqstan»
05:00 – Кабо-Верде – Сауд Арабиясы
H тобы, «Эн-Ар-Джи» стадионы, Хьюстон, АҚШ
Трансляция: «Qazsport»
08:00 – Мысыр – Иран
G тобы, «Люмен Филд» стадионы, Сиэтл, АҚШ
Трансляция: «Qazaqstan»
08:00 – Жаңа Зеландия – Бельгия
G тобы, «Би-Си Плейс» стадионы, Ванкувер, Канада
Трансляция: «Qazsport»
Осы кездесулерден кейін аталған топтардағы турнирлік жағдай нақтыланып, плей-оффқа шығатын құрамалардың мүмкіндігі айқындала түседі.