Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне ондаған елдің делегациясы қатысады

Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне ондаған елдің делегациясы қатысады

Иранда бұрынғы жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсіміне 30-дан астам елдің делегациясы қатыспақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Media.az мәліметінше, бұдан бөлек, 90-нан астам елдің діни көшбасшылары мен беделді тұлғалары да рәсімге қатысуға дайын екенін білдірген.

Бұл туралы Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі ұлттық штабтың хатшысы Әли Акбар Пурджамшидиан мәлімдеді.

Оның айтуынша, көптеген мемлекет Иранға ресми түрде өтініш жолдап, марқұмға құрмет көрсету үшін өз делегацияларын жіберетінін растаған.

Иран тарапы қоштасу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын айтып отыр. Ел билігі рәсімге шетелдік делегациялармен қатар, түрлі елдерден келетін діни қайраткерлер де қатысатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімдері 4-9 шілде аралығында өтеді. Рәсімдер Тегеран, Қом және Мешхед қалаларында ұйымдастырылады.

Бөлісу