Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болды

Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болды
ҰОК

Алматыда бірқатар көшеге жаңа атау берілді. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, ондаған көше белгілі тұлғалардың есімімен аталатын болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа атаулар қатарында Вьетнамның бұрынғы президенті Хо Ши Мин, режиссер әрі театр қайраткері Наталья Сац, академик Әбдуәли Қайдар, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ғалым Рәбиға Сыздық және басқа да танымал тұлғалар бар.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі де Алматыдағы көшелердің біріне берілді. Тұңғыш Президент саябағының оң жағында, "Архат" ықшамауданында орналасқан 7-көше енді спортшының атымен аталады.

Дәл осы аудандағы 2-көшеге белгілі кинорежиссер, суретші және қазақ анимациясының негізін қалаушылардың бірі Әмен Қайдаровтың есімі берілді.

Сонымен қатар Бостандық ауданындағы 26-көше жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің атымен аталады. Ал "Мамыр-1" және "Мамыр-2" шағынаудандарының арасындағы 3-көше белгілі тілші-ғалым Рәбиға Сыздық есімімен аталатын болды.

Қала әкімдігі мұндай шешімдердің тарихи тұлғалардың еңбегін ұлықтау және олардың есімін кейінгі ұрпақ жадында сақтау мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.