Қазақстан уақыты бойынша 4 шілде, сенбі күні футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы соңғы ойындар өтіп, артынша 1/8 финал кезеңі басталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Түнгі және таңғы уақытта 1/16 финалдың шешуші матчтары ұйымдастырылады. Ал 1/8 финалдағы алғашқы кездесу Астана уақытымен кешке өтеді. Бұл күнгі үш ойынның барлығы АҚШ стадиондарында ойналады.
4 шілдеге арналған матчтар кестесі:
03:00 – Аргентина – Кабо-Верде. Ойын Майами Гарденстегі «Хард-Рок» стадионында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Австралия немесе Египет құрамасымен кездеседі.
06:30 – Колумбия – Гана. Матч Канзас-Ситидегі «Эрроухед» стадионында өтеді. Жеңімпаздың келесі қарсыласы – Швейцария.
22:00 – Канада – Марокко. Кездесу Хьюстондағы «Эн-Ар-Джи» стадионында болады. Бұл ойынның жеңімпазы келесі кезеңде Парагвай немесе Франция құрамасымен ойнайды.
Барлық матчтар Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.