Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Мбаппе Францияны жартылай финалға шығарды

Мбаппе Францияны жартылай финалға шығарды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Кездесу АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі аргентиналық Факундо Тельо болды.

Ойынның алғашқы таймында Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе есеп ашуға тамаша мүмкіндік алғанымен, 28-минутта пенальтиден мүлт кетті.

Алайда екінші таймда француздар басымдықтарын дәлелдей алды. 60-минутта команда капитаны Килиан Мбаппе есеп ашса, араға алты минут салып Усман Дембеле Мбаппенің нәтижелі пасынан кейін екінші голды соғып, Францияның жеңісін бекітті.

Осылайша, Дидье Дешам шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Енді Франция құрамасы финал жолдамасы үшін Испания мен Бельгия арасындағы ширек финал жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч 10 шілде күні өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық кездесуі 19 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында ұйымдастырылады.