Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Испания соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Испания соңғы минутта жеңісті жұлып алды
сурет ашық дереккөзден алынған

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz, championat.com-ға сілтеме қалдыра отырып.

Кездесу АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі англиялық Майкл Оливер болды.

Есепті ойынның 30-минутында Испания жартылай қорғаушысы Фабиан Руис ашты. Алайда бельгиялықтар бірінші тайм аяқталмай жатып таразы басын теңестірді. 41-минутта шабуылшы Шарль Де Кетеларе мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда Бельгия үшін жағымсыз жағдай орын алды. 71-минутта негізгі қақпашы Тибо Куртуа жарақат алып, оның орнына Сенне Ламменс шықты.

Кездесудің тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 88-минутта қақпашы Ламменстің қателігін тиімді пайдаланған Микель Мерино Испанияның жеңіс голын соғып, командасын жартылай финалға шығарды.

Осылайша, Испания құрамасы 14 шілде күні өтетін жартылай финалда Франциямен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында ұйымдастырылады. Әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы – Аргентина құрамасы.