Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Күйеу жігіт өз тойында “анасына сөз салды” (ВИДЕО)

Күйеу жігіт өз тойында “анасына сөз салды” (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде той үстінде күйеу жігіттің өз анасының алдына тізерлеп, қолына жүзік таққан видеосы тарады. Кадрлар көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнежазбада жігіттің қалыңдыққа ұсыныс жасауға ұқсас түрде анасының алдына тізерлеп отырғаны көрінеді. Кейін ол анасының қолына жүзік таққан.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл әрекетті анасына деген құрметі мен ерекше ықыласын білдірудің бір түрі деп қабылдаса, енді бірі мұндай қимылдың орынсыз екенін айтып, сынады.

Оқырмандардың кейбірі анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдірудің өзге де жолдары бар екенін жазды.