Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Qoslike жобасының экс-қатысушысы бірнеше ота жасатқанын айтты

Qoslike жобасының экс-қатысушысы бірнеше ота жасатқанын айтты
Сурет: скриншот

Qoslike жобасының бұрынғы қатысушысы Зухра Хакиева сырт келбетіне жасатқан пластикалық және эстетикалық оталары туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зухра Хакиева бұл туралы «Мамский әңгіме» подкастында айтып, осы уақытқа дейін бірнеше хирургиялық процедурадан өткенін жеткізді.

Оның сөзінше, маммопластикадан кейін де сырт келбетіне бірқатар өзгеріс жасатқан. Атап айтқанда, ринопластика, риносептопластика, жоғарғы және төменгі блефаропластика, булхорн және самай тұсын тарту оталарын жасатқан.

Ринопластика - мұрынның пішіні мен көлемін өзгертуге бағытталған пластикалық ота. Ал риносептопластика кезінде мұрынның сыртқы пішінімен қатар мұрын қалқасы да түзетіледі.

Жоғарғы және төменгі блефаропластика - қабақ аймағындағы артық тері мен тіндерді түзетуге арналған операция. Булхорн - жоғарғы ерін мен мұрын арасындағы қашықтықты қысқартуға бағытталған процедура. Ал самай тұсын тарту операциясы қас пен көздің сыртқы бұрыштары орналасқан аймақты көтеруге бағытталады.

Зухра Хакиева өзі қалаған оталардың барлығын жасатқанын жасырмады.

«Өзім армандаған, қалаған отамның барлығын жасаттым», - деді ол.

Сондай-ақ ол соңғы жасатқан процедуралары липосакция мен қас трансплантациясы болғанын айтты. Липосакция - дененің белгілі бір бөлігіндегі май тіндерін хирургиялық жолмен азайту процедурасы. Ал қас трансплантациясы кезінде шаш фолликулдары қас аймағына көшіріліп, қастың пішіні мен қалыңдығын қалыптастыру көзделеді.

Желі қолданушылары Зухра Хакиеваның жасатқан оталарына қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі мұндай өзгерістердің кейінгі салдарына алаңдаса, енді бірі әзілге айналдырған.

«Жақсы болды, менде мұндайға ақша жоқ», «Енді мүсін жасатса болды», «Зардабы кейін болады», «Тарта бер, ақыры бетіне келмесін», - деп жазды желі қолданушылары.

Экс-қатысушы сырт келбетіне жасаған өзгерістерін жасырмай, бұл шешімдердің өзінің қалауы болғанын атап өтті.