Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

19 тамызда Қазақстанда ауа райы өзгереді: Солтүстікте салқын, оңтүстікте +37 градусқа дейін ыстық

19 тамызда Қазақстанда ауа райы өзгереді: Солтүстікте салқын, оңтүстікте +37 градусқа дейін ыстық
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Thomas Warnack/picture alliance via Getty Images

"Қазгидромет" 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал батыс пен оңтүстікте аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +22...+24, күндіз +32...+34 градус.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус болады.

Атырауда күн ыстық әрі жауын-шашынсыз. Түнде +21...+23, күндіз +35...+37 градусқа дейін жетеді.

Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Қарағандыда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12...+14, күндіз +24...+26 градус.

Көкшетауда жаңбыр жауады. Түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градус.

Қонаевта жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12, күндіз +22...+24 градус.

Қызылордада күн ашық әрі ыстық. Түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.

Павлодарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +11...+13, күндіз +22...+24 градус.

Петропавлда да күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +8...+10, күндіз +20...+22 градус.

Семейде жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14, күндіз +26...+28 градус.

Талдықорғанда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +13...+15, күндіз +32...+34 градус.

Таразда да жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градус.

Түркістанда күн ыстық болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.

Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15, күндіз +27...+29 градус.