Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шығыста жаңбыр мен жел, оңтүстікте +37 градус: 21 тамызда Қазақстанда ауа райы құбылады

Шығыста жаңбыр мен жел, оңтүстікте +37 градус: 21 тамызда Қазақстанда ауа райы құбылады
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: shutterstock.com

"Қазгидромет" 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің шығысындағы бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал оңтүстік пен батыста ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с болады. Түнде +7...+9, күндіз +21...+23 градус.

Алматыда да жауын-шашынсыз. Түнде +20...+22, күндіз +30...+32 градус.

Шымкентте күн ашық әрі ыстық болады. Түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтауда жауын-шашын болмайды, бірақ желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +21...+23, күндіз +30...+32 градус.

Ақтөбеде күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20...+22, күндіз +30...+32 градус.

Атырауда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градусқа дейін жетеді.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +15...+17, күндіз +26...+28 градус.

Көкшетауда жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус.

Қарағандыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градус.

Қонаевта күн жылы әрі құрғақ болады. Түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус.

Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде +10...+12, күндіз +27...+29 градус.

Қызылордада күн ыстық. Түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.

Оралда жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +13...+15, күндіз +21...+23 градус.

Павлодарда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +11...+13, күндіз +21...+23 градус.

Петропавлда жауын-шашын болмайды. Түнде +9...+11, күндіз +23...+25 градус.

Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +20...+22 градус.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +11...+13, күндіз +28...+30 градус.

Таразда күн құрғақ болғанымен, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +17...+19, күндіз +31...+33 градус.

Түркістанда да жауын-шашын күтілмейді. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.