Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір адам қаза тапты. Оқиға кеше кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Arasha.kz, Qumash Telegram арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар ғимараттан 148 адамды эвакуациялаған. Олардың арасында тоғыз бала бар. Төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндірушілер екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен қабаттарында электр кабельдерінің жанғанын анықтаған. Сондай-ақ бірінші кіреберісте 7-қабаттан 13-қабатқа дейінгі электр қалқандары өртенген.
Өрт кезінде бір бойжеткен ес-түссіз күйде табылған. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.